ОРАШОЛАҚТЫҚ

lat: ORASHOLAQTYQ

с ы н. Iске, сөзге олақтық, епсіздік, қырсыздық.

Инеш өзінің әзілге орашолақтығын танытып, ақтала сөйледі (С.Шаймерденов, Болашақ.).

Құмдағы, Сырдағы малшыларды да мәдени жағынан қамту ісінде орашолақтықтар аз емес (Ұ.Бағаев, Дала.).

Бибігүл қазіргі сәтте өзінің тым орашолақтығын есіне алды (А.Байтанаев, Жаңбыр.).