lat: ORAZA
[ирі روزه ] з а т. д і н и. 1. Мұсылмандар күнтізбесі бойынша, тоғызыншы ай есебіне тура келетін, қасиетті саналатын рамазан айы.
Биылғы ораза айында осы термос тіпті рахат болды (ТіНұрмағамбетов, Қош болі).
– Айтқандай, қазір оразаның орта тұсы ғой, елде ұйқы жоқ (СіЖүнісов, Ақан сері).
2. Рамазан кірісімен осы ай бойы тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекітіліп, күн шыққаннан күн батқанға дейін ас-су ішуге болмайтын, ислам дінінің бес парыздың бірі ретіндей ғибадат.
Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады ҚҰЭ).
Ораза дәл бір айға созылады. Бірақ жыл сайын бір мезгілде өтпейді (Ә.Шәріпов, Қапаста.).
3. Бес парызға кірмейтін мұсылман адамның таң атысынан кеш батысына дейін ас-су ішпей ауыз бекітуі ретіндегі сүннет, уәжіп ғибадат түрі.
Әр дүйсенбі, бейсенбіде ораза тұтқан бойдақ адамның сауабы мол болады («Рахмет самалы»).