ОРДЕН

lat: ORDEN

з а т. Қоғамға сіңірген ерекше еңбегі үшін үкімет тарапынан берілетін, бағалы металдардан жасалатын марапат белгісі.

Бесжылдықта тамаша табыстарға ие болған осы коллективтің қырық бес адамы ордендермен, медальдармен наградталды (Б.Ержанов, Биік.).

Жас жігіттің кеудесінде жарқыраған ордендер мен медальдарды көріп, көңілі тасыды (Т.Ыдырысов, Жалынды жыл.).