ОРДЕР

lat: ORDER

[франц. ordre] з а т. 1. Пәтер алу үшін не басіа бір затіа иелік ету үшін берілетін куәлік іағаз; құжат.

Ордер басқа құжаттардың атауына да қолданылады, мысалы, тұрғын алаңды иелену құқығына, тінтуге берілген құжат, сондай-ақ архитектурадааған-арқалық құралымдарының салмақ түсетін және салмақ түсіп тұрған бөліктерінің белгілі бір ұштасуы, олардың құрылымы және көркемдік өңделуі) және басқа жағдайларда қолданылады (Қаз. тілі термин. Экономика).

Жаңа пәтердің ордерін алуға мен саған қашан кел деп ем, Ақан інім (Т.Бердияров, Фарида).

Қолымызда қалалық Советтің ордері бар (С.Адамбеков, Қожанасыр.).

Сегіз жүз сомды қайтып алуға ордер берді (Е.Домбаев, Ғашықтың.).

2. з а ң. Біреуді ұстауға, қамап қоюға әкімшілік орындары жағынан шығарылған арнаулы шешім қағазы.

Еркектің біреуі ұсына берген қағазды Асқар алып оқыса, оны тұтқындау туралы ордер екен (С.Мұқанов, Ботакөз).

Гестапо өз кезегінде ондай сөздерді айтушы адамды империяның саяси жауы деп, оны тұтқынға алуға ордер берген (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).