(латын тілінен – ordo – тәртіп, қатар) 1) Ежелгі Грекияда әзірленіп, басқа елдердің сәулет өнері мен өзіндік түсініктемесімен кезеңдерге (Рим, Қайта өрлеу, классицизм) өткен белгілі бір тірек-арқалықты көркем жүйе. Ордердің негізін көркем жасалынған діңгек – ұстын мен арқалық жабын – антаблемент құрайды; одан әрі ордердің құрамына ұсынтізбектің түбі (тірек, стереобад, цоколь) мен фронтон кіреді; 2) тірек-арқалықты конструкцияның ұстындарды емес пилястрді қолданған осыған ұқсас жүйесі; 3) ордердің ерекше түрлері ретінде аркалар мен тоғыспалардың тіректер жүйелері де қаралуы мүмкін, бұларда антикалық ұстынтізбектер мен ордердің кейбір негізгі формалары мен пропорциялары (ұстындар мен антаблементтің формалары мен пропорциялары, интерколумнийлер қатынасы және т.б.) пайдаланылды; 4) «ордер» термині кейде грек антикалық сәулет өнерімен байланысы жоқ, мәселен Египетте, тірек-арқалықты конструкциялардың кейбір жүйелеріне де қолданылады.