lat: ORDINATA
[лат. оrdinatus] з а т. м а т. Декорт жасаған нүкте координаттарының бір түрі.
Мәселен, жұп функцияның графигін құру үшін, алдымен оның графигін х-тің мәндері үшін құрып алып, сонан кейін жазықтықтың осы графиктің нүктелерімен ординатаға қарағандағы симметриялы нүктелерінің жиынын табу керек (О.Жәутіков, Жоғары математика.).
Горизонталь түзуді абсциссалар ос. (не х ос.), ал вертикаль түзуді ординаталар ос. (не у ос.) деп атайды (О.Жәутіков, Жоғары математика.).
Керісінше де, егер жазықтық нүктелерінен тұратын Е жиынының ординаталар осіне параллель болатын әрбір түзумен бір ғана (біреуден артық емес) ортақ нүктесі болса, онда бұл жиынды у=f (x) функциясының графигі деп қарастыруға болады (О.Жәутіков, Жоғары математика.).