ОРГАН

lat: ORGAN

[грекі organon] з а т. 1. Қоғамдық өмірдің белгілі бір саласы бойынша нақты міндеттер атқарушы ресми мекеме, ұйым, әкімшілік орын.

Соған қарағанда ол бозбаланың органнан келген кісі екенін сезіп қалған болу керек (М.Гумеров, Хазірет.).

Онсыз біздің органда істеп бос орын алып жүруіміз тіпті партия алдында қылмыс емес пе? (А.Сатаев, Аққу.).

Олар осы бастан бұл кешенге байланысты ұсыныс-пікірлерін тиянақтап, жоба- лаушы органдармен қоян-қолтық жұмыс істеулері керек («Қаз. әдеб.»).

2. Мерзімдік басылымдар.