ОРГАН

lat: ORGAN

ірі көлемді, әртүрлі күйге келтірілген, бірақ дыбыс ырғағы бірдей тұрақсыз және тілші түтіктердің үлкен жиынтығы бар заманауи үрмелі-клавишті музыкалық аспап. Бұл түтіктер дауыс кеңістіктерінің  бірін түзеді; осылайша, әрбір дауыс кеңістігі жеке музыкалық аспап болып саналады, ал бірнеше дауыс кеңістіктерінің алмасуы немесе бір уақытта дыбысталуы үнді оркестр ойнағандай әсер береді. Органның бірқалыпты қарқынды дыбыс қатарының барлық октаваларының дыбыстарын қамтитын кең ауқымы оркестрмен жақындастырады. Орган ХІV ғасырдың басынан XVIII ғасырдың ортасына дейін Батыс Европада бастапқыда шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланылса, ал кейіннен зайырлы аспап ретінде де кең тарады.