lat: ORGANELLA
[грек. organellae] з а т. б и о л. Жасуша цитоплазмасындағы әртүрлі қызмет атқаратын тұрақты құрылым.
Жануарлар клеткаларында органелланың жалпы және арнайы екі түрі болады (ҚҰЭ).
Жалпы органелла жануарлар организмі клеткаларының барлығына түгелдей ортақ, яғни барлық клеткаларында кездеседі (Қаз. тілі термин. Биология).