ОРКЕСТР

lat: ORKESTR

[грек. orchеstrа] з а т. м у з. Музыкалы. шығарманы әр алуан аспаптарда орындайтын музыканттар тобы.

Оркестр әуелі күй анасы Динаның «Той бастарын» орындап берді (Е.Жәкенов, Тұғырлас.).

Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыка жанрларының (опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді (ҚҰЭ).

Қалың жиын келе жатты жүректері жаралы

Оркестрдің зарлы даусы мұңға бөлеп қаланы (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Менің мына қайта туған күнімде,

Сөйле, оркестр, дүрілде бір, дүрілде!

Сөйле, Моцарт, менің Ана тілімде,

Сөйле, Данте, менің Ана тілімде (М.Мақатаев, Шығ.).