lat: ORMANDY
с ы н. Орман өскен, орманы бар.
Әбен ауылы Алтайдың бір шұрай қойнауында. Сырты – орманды, ақбарлы, заңғар тау, алды бұйрат (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Андыз Iле Алатауының орманды өңірлерінде өседі (С.Сұбханбердин, Өсімдік – дәрі.).
Орманды не болмаса таулы жердей емес, жазық жер, күн -шуақты, жылыны жақсы көреді (Б.Тілегенов, Аққайнар).