ОРНЫҚ

lat: ORNYQ

е т. 1. Орын тебу, орналасу, тұрақтау.

Қазақтың бар қатты өсе бастағаны құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға о р н ы қ қ а н соң ғана болса керек (Абай, Тол. жин.).

Орнығып ел билесе,

Ерік берсе, тимесе,

Өз есіңді жи десе,

Қайтер еді бұл қазақ? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Біздің қыстау орныққан жалдың түбінде бұлақтың бар екені сол аймаққа тегіс аян (С.Мұратбеков, Дос ізде.).

2. а у ы с. Қалыптасу.

Дүниеге дос, ахиретке бірдей болмас, екеуі тап бірдей боп о р н ы ғ а алмас (Абай, Тол. жин.).