ОРНЫҚ

lat: ORNYQ

ет. Орын тебу, орналасу .

Отанымның орнығып кең төріне,

Айналасын ақ таулар көмкеруде.

Жаралғандай Жетісу ертегіден,

Еркелейді Жетісу ерке күнге (3,205).

Ол қуаныш па, қайғы ма, онымен санаспайды. Миыңа орнығып алады да, ызыңдайды да тұрады (4,225).