ОРЫС

lat: ORYS /24/

зат. Ресей елінің негізгі халқы.

Бұл бөлмеде екі орыс , бір қазақ,

Үшеумізді бір ғана дерт тұр қажап.

Кемедегі адамдардың жаны бір,

Сондықтан да ынтымақ бар бір ғажап (3,70).

Неге шошыдыңыз жеңге? Орыс көрмеп пе едіңіз? деді Маруся да жұлып алғандай (4,180).


// Сын есім мағынасында . Машинада бар болғаны төрт-ақ адамбыз. Екіқабат жап-жас орыс әйелі, екі студент, редакцияның шұғыл тапсырмасымен келе жатқан мен (4,117).