lat: OSAL
сын. 1 . Әлсіз, мықты емес .
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз.
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал,мен орташа,
Бәріміз бір аспанның астындамыз (1,283).
Шашырады ұшқын көзімнен,
Бас осал екен, тас мықты.
Ес кіріп сонда сезінгем,
Өткенін қайрап жастықтың (2,190).
– Қамытыңның құлақбауы осал ғой, Әбе. Мәкеңде қайыс бар, жаңартуың ғой (4,199).
2 . Нашар, жаман .
Көңілшектік – менің осал жерім. Сірә, сүріне беретінім де осыдан болар (4,49).
Ішу деген, шынында, осал жағым,
Осал жақтан іле бер, шошаңдағын.
Құлы болсаң өмірдің, өзің болғын,
Қара басым құлдықтан құтылғамын! (3,180).
3. Аз, азғантай, шағын .
35 жыл. Отыз бесінші шуағым.
35 жыл күлдім, 35 жыл жыладым.
Кім біледі, 35 көктем, Енді қашан тұрамын?
35 күз, 35 қыс, 35 жаз.
Осал өмір емес-ау отыз бес жас (1,154).
Іірілі-ұсақты елуге тарта кітап, елуге тарта автор. Бұл осал дүние емес, жолдастар (4,260).