ОСЫ

lat: OSY /528/

есім. «Мына», «мынау», «бұл» мағыналас сілтеу есімдігі .

Осы мезгіл, осы шақ, осы уақта,

Отырушы ек осылай осы бақта.

Артымызда қап қойған албырт жастық,

Ой, тоба! Әлі күнге шошымапты, ә? (1,304).

Батар күн,

Келер күн,

Атар таң,

Шығар күн

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен, осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен, сірә да, өлмейтін шығарманы! (2,62).