lat: OTAÝ
зат. 1 . Ұлға енші беріп, бөлек шығарған үй; кіші үй .
Туған елім,
Көрмесем сағынамын, кетсем, ізім өзіңнен табылады.
Жасыра алман, інінің отауынан ,
Ыстық маған атаның шаңырағы (2,82).
Мына кесе – момақан елің үшін,
Мына кесе – құт құйған жерің үшін,
Мынасы үйіңдегі анаң үшін,
Анасы – отаудағы келін үшін! (1,311).
2 . ауыс. Мекен, орын, тұрақ .
Ақаның ардақ еді өскен ерен,
Біржаның алмас еді кеспе берен.
Көкшетау – ән отауы , жыр отауы,
Алтайдан Атырауға көшкен өлең.
О, ғажап! Осы екен ғой Көкше деген! (2,348).