lat: OTAN
зат. 1 . Адамның туып-өскен елі, жері; атамекені .
Белгілі бәрі де, Тарихтан белгілі,
Мен оны қайталап жатпаймын,
Мақтаймын туымды, гербімді,
Отаным Қазақстанды мақтаймын! (1,314).
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашанда,
Осы бір Отанда тұрғанға! (3,121).
2 . ауыс. Туып-өскен үйі .
Үйім – Отаным !
Отаннан жай табамын.
Отанға не айта аламын.
Отанға не айта аламын? (2,14).