Г.В.Осипов бойынша, Отан – белгілі бір халыққа мемлекет аумағының табиғатымен, халқымен, тарихи, тілдік, мəдени, тұрмыстық жəне əдет-ғұрып дамуының ерекшелігімен де тарихи тəн болуы. Отан туралы түсінікті жеке тұлғаның жеке əлеуметтік мінез-құлқы анықтайды жəне этностық, гендерлік жəне кəсіби қатыстылығына қарамастан оның рухани өмірінің бір белгісі болып табылады. Мұндайда Отан бейнесінің ділдік құрамдас бөлігі аймақтың ерекшелігіне тікелей тəуелді, яғни ол нақты елдің тарихымен, мəдениетімен, сондай-ақ əлеуметтік практикасымен өзектес. Отан бейнесі қоғамды нығайтуға немесе саяси амал жасау үшін қажетті «əлеуметтік тапсырыстың» нəтижесі болуы мүмкін (қар. Тарихи отан, Кіші отан, Патриотизм, Жаңа қазақстандық патриотизм).