lat: OTYR /258/
к. ет. Негізгі етістікке тіркесіп келіп, көмекшілік қызмет атқарады .
Және бір сәт есімде ақпандағы,
Әкем отыр майданға аттанғалы.
Бәрі есімде дала, егіс, ауыл, мектеп,
Ұстаздар, интернаттың қатқан наны (1,153).
Жеңеше-ау, есіңде ме біздің ағай?
Сыйласып отырар ек біз құдадай.
Қанды балақ соғысты қарғыс атсын,
Қайран жеңгем, шырқыңды бұзды қалай?! (2,24).