lat: OZBYR
с ы н. Жәбір көрсетуші, зорлықшы; зұлым.
Мейлінше қатал, озбыр Құнанбай Абайдың ерекше зеректігін танып, оған үлкен үміт артты (Т.Әлімқұлов, Абай). Үлкен бір төбені көтеріп әкеліп, мына озбыр жендеттерді екінші тұра алмайтындай қылып бастырар ма еді деп кіжінеді (М.Дүйсенов, Мейман.). Бақайшағына дейін қаруланған озбыр, айлакер жауды жеңу үшін, әскери қару-жарақты жіті меңгеру керек (Т.Бердияров, Солдат.).