ОЗОН

lat: OZON

[грекі ozon] з а т. х и м. Оттегінің үш атомынан құрылатын көгілдір түсті газ; ауа.

Үшінші «қабат» 55-тен 80 километрге созылады. Ондағы ауа негізінен озоннан құралады (К.Әбдіғапаров, Қызық. физ.). Оттегі мен фторгаздар әрі қарапайым тотықтырғыштар, бұлардың қатарына оттегінің үш атомынан тұратын озонда жатады (Н.Нұрахметов, Синтетика.). Жердегі тіршілік үшін озон қабатының маңызы өте күшті (X.Әбішұлы, Халық астрон.).