Антарктида үстіндегі озон қабатының жаралуы (диаметрі 1000 км-ден астам), 1992 жылы – Арктика үстіндегі, онда озонның құрамы төмендеген (50%). Олар болжаммен антропогендік әсерлердің нәтижесінде, оның ішінде өнеркәсіпте және тұрмыста құрамында хлор бар озон қабатын бүлдіретін хладондарды (фреондарды) кең пайдалану нәтижесінде пайда болды. Озон тесігі тірі ағзалар үшін қауіпті, өйткені озон қабаты Жердің бетін Күннің тым шектен тыс ультракүлгін сәулесінің мөлшерінен қорғайды. 1985 жылы озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 жылы – оған Монреаль хаттамасы қабылданды. Озон тесігі Арктика үстінде де ашық.