ОБЪЕКТІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КҮРДЕЛІЛІГІ

lat: ObektİNİŃ TEHNIKALYQ KÚRDELİLİGİ

объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіік немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сшімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар: жауапкершіліктің бірінші деңгейі күшейтілген; жауапкершіліктің екінші деңгейі қалыпты; жауапкершіліктің үшінші деңгейі төмендетілген болып бөлінеді («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)