ОБЪЕКТИВИЗМ

lat: ObektıvIZM

[лат. objectum] з а т. с а я с. 1. Қоғамдық ғылымдардың, идеялардың және теориялардың таптық және партиялық мәнін бүркемелеуде буржуазиялық ғылым мен публицистиканың қолданатын әдісі.

Объективизм қоғамдық құбылыстарды, тап күресінің тарихи нәтижелерін партиялық-теориялық тұрғыдан көрсетпей, оларды тап күресінен тыс көрсетеді (ҚСЭ). Объективизмнің айтуынша, танымда өмірдегі бар құбылыстарды тек сырттай түсіндірумен шектелу керек (ҚҰЭ).

2. ф и л о с. Дүниетанымдық позиция, оның негізінде әлеуметтік-саяси «бейтараптылық» таным, әлеуметтік-сынақтылық баға, құндылық және мақсаттар туралы пікірлер, дүниетанымдық және адамгершілік мәселелерді тану бағдары жатыр.

Объективизм дегеніміз, ол мәдениарихи субъектінің шынайылығына, адам әлеміне, заттарға деген айырбасталмаған қатынасқа байланысты нигилизм (Ор.-қаз. түс. сөздік. Философия).