қолмен оймалаумен қатар химиялық күйдіру әдісін бірге қолданатын авторлық басу пішінін жасау тәсілі. Офорт - суреті қышқылмен күйдірілген мыстағы немесе мырыштағы гравюра. Офорт франц. eau-forte - тікелей аударганда «мықты немесе күшті су, басқаша айтқанда, «азот қышқылы» деген мағына береді. Бедерлеу (гравюра) мәнерінің және түрлерінің бірі. Металдың бетін ұңғымен немесе сол секілді құралдармен емес, азот қышқылымен жібіту, еріту, балқыту, кетіру арқылы бедерлеу нәтижесінде пайда болған суретті басқа заттың бетіне аудара таңбалу, мөрлеу нәтижесінде пайда болатын бейнебасылым.