ОККУПАЦИЯ

lat: Okýpasıa

ат. occupatio] з а т. с а я с и. Бір мемлекеттің территориясын басқа мемлекеттің әскер күшімен басып алуы, басқыншылық.

Оккупация кезінде талай адамдарға айуандық жасаған, бұрынғы кулак балалары екі полицайды халық үні өлім жазасына үкім етті (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Ефремов ірі теміржол станциясы. 1941 жылы 22 күн оккупацияда болған (Ә.Бектемісов, Майдангер.). Әскери оккупацияның тәртібі құрғақтағы соғыстың заңдары туралы 1907 жылғы 4-Гаага конвенциясында, соғыс кезінде бейбіт халықты қорғау туралы 1949 жылғы Женева конвенциясында және басқа да халықаралық келісімдерде белгіленген (ҚҰЭ).