Он бір буынды өлең

lat: On bir býyndy óleń

әдеб. Үш бунақтан құралатын, екі бунақ 3 буын, 4 буын немесе 3 буын, 3 буын болып еркін ауыса беретін, ал соңғы үшінші бунақ үнемі 4 буынды болып келетін, қазақ поэзиясында бұрыннан жиі қолданып келе жатқан өлең өлшемі.

Он бір буынды өлеңнің тағы бір өлшемдік үлгісі бар, оның өзгешелігі - алғашқы екі бунақтың екеуі де 4 буынды болып та, соңғы бунақ үш буынды болып келеді (Әдебиеттану термин.).