ОПЕРАЦИЯ

lat: Operasıa

ат. operatio] з а т. 1. м е д. Адам не хайуан денелеріндегі кеселді жою үшін жасалатын хирургиялық емдеу тәсілі.

Ақыры, ол өте ауыр операциядан кейін тәуір болып, қайтадан жауынгерлер сапына қосылды (Р.Ыдырысов, Отты жылдар.). Сол кісінің операциясын тосып отырмын. Қолы жеңіл болғай (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Ол дәрі ауыр операциядан тұрған адамдарға әбден жазылып кеткенше беріледі (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

2. Белгілі бір жұмыстың орындалу барысы, атқарылу үдерісі.

Субъектінің объективті дүниені танып білу үшін осындай операциялар арқылы адамда жаңадан пікір, дүиедегі заттар мен құбылыстар жайында ұғым туады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Кез келген психикалық процестерді зерттеуде операцияның рөлі зор (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Бұл жүк тиеу операциясында капитан көмекшісінің жұмысын жеңілдетеді (М.Тайыров, Балқаш.). Ол тәжірибе машина атқаратын әр операцияны ұштастыра отырып, уақытты үнемдеуге жол ашты (Дала қырандары).

3. ә с к. Белгілі бір елді мекенді, қаланы жаудан азат ету не басып алу мақсатымен істелетін әскери-стратегиялық қимыл, әрекет.

Өтеш 1944 жылдың 28 мартында Николаев қаласын жаудан азаттау операциясына қатысты (Ә.Сәрсенбаев, Жауынгер.). Iрі операцияларды орындау үшін неміс тілін білетін қыздар керек болды (М.Дүзенов, Ақәже). Әскери операциялар: жалпы әскери, теңіз, әуе, әуе шабуылына қарсы, әскериесанттық, шабуыл және қорғаныс, стратегиялық, майдандық (армиялар тобы), армиялық, флоттық т.б. болып бөлінеді (ҚҰЭ).

4. и н ф. Компьютердегі мәліметтермен орындалатын белгілі бір іс-әрекет.

Алгоритм орындауда бағдарламалау тілдерінде операциялардың арифметикалық, логикалық, салыстыру, символдарды өңдеу сияқты түрлері бар (ҚҰЭ). Операцияның мәнін, мағынасын, реттілігін таңбалар тізбегі анықтайды (ҚҰЭ).