ОПЕРАЦИЯ

lat: Operasıa

амал; 1) субъектінің объективті дүниені танып білу үшін істейтін қимыл іс-әрекеті. Адам әрекеттерінің сыртқы көрінісі арқылы сол адамның ішкі көңіл-күйі, психикалық жағдайы жайында баға беруге болады. Психология ғылымында XIX ғасырдың 40-жылдарында негізін америкалық психолог Э.Торндайк (1874 1949) салған операционизм немесе бихевиоризм деген бағыттар пайда болды. Бұл ілім бойынша адамның бүкіл психикасы мінез-құлық реакциясына келіп тіреледі, бұл бағыттардың басты кемшілігі адамның психикасын, психикалық үрдістерді нақтылы зерттеуге мүмкіншілік бермейді. Женева психологтарының басты өкілі Ж.Пиаже ой үрдістеріндегі операция белгілі бағытталған әрекетті, ой-қимылын көрсетеді дейді. Негізгі ойлау операциялары салыстыру, анализ, синтез, абстракция және тұжырымдаудан тұрады. Осындай операциялар арқылы адамда жаңадан пікір, дүниедегі заттар мен құбылыстар жайында ұғым туады. 1) Кез келген психикалық үрдістерді зерттеуде операцияның рөлі зор; 2) белгілі бір міндеттерді орындау бағытындағы аяқталған әрекет; 3) мекеме, кәсіпорын, т.б міндеті мен қызметіне байланысты қайталанбалы әрекеттер. Кейде, операция амал деген мағынаны білдіреді.