lat: Operatıvtik esep
Белгілі бір шаруашылық операцияларын тікелей жүзеге асырылып жатқан жерде және сәтте күнделікті бақылау мен тіркеу жүйесі болып табылатын шаруашылық есебінің түрі.
Оперативтік есеп қызметтерді көрсету барысында басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдау үшін фирма басшылығын кірісу ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген өндірістің, шығындардың, ақшалай, несиелік ресурстардың т.б. есебі (Қаз. тілі термин. Экономика.). Оперативтік есеп негізінде өнімді өндіру мен өткізу жоспарының, өндірім нормаларының орындалуы, материалдық ресурстардың түсуі мен жұмсалуы, жабдықтың пайдаланылуы, техникалық күтім жасау мен жөндеудің орындалуы күнбе-күн есептеліп бақылауға алынады (Қаз. тілі термин. Информатика.).