lat: Opozısıa
[лат. oppositio] з а т. қ о ғ.-с а я с и. 1. Өз көзқарасын, саясатын басқа немесе билiктегі топ саясатына, көзқарасына қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу.
2. Көпшіліктің пікіріне немесе басым пікірге қарсы шығушы белгілі бір топ немесе партия.
Саяси өмірде оппозиция билік жүйесі қызметінде көрініс таппаған мүдделер мен құндылықтарды білдіруді мақсат етеді ҚҰЭ).
Оппозиция халықтың наразылық белсенділігін білдіріп, оны топтастырады, биліктің әрекетіне қарсы тұратын немесе оны ретке келтіретін талаптарды тұжырымдайды (ҚҰЭ).
3. Билеуші партияға не үкімет саясатына өз көзқарасын қарсы қоюшы, күресуші адам не партия.
Атақты коммунистердің көбі оппозицияға қосылып кетті (М.Шоқай, Шығ.).
Қазақстанда оппозиция мен саяси бөгде ойдағылардың социалистік құрылыс пен үкіметке деген наразылықтары арта түседі («Егемен Қазақстан»).
Егер де Қырғызстанда билік оппозициямен сәтсіз болса да тіл табысуға әрекеттеніп жатса, Өзбекстанда жым-жырт («Ана тілі»).