1) саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі жасау; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерде парламенттік оппозицияны әдеттегі дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.