lat: Opsıaá batyrmasy
и н ф. < а ғ ы л. option button> а) Графикалық пайдаланушылық интерфейсте – диалогтық терезедегі шағын дөңгелек батырмалар тобы.
Кейде опция батырмасы радиобатырма (radio button) деп атайды. Себебі опция батырмалар әрекеті жеңіл көлік радиоқабылдағышының батырмаларын еске түсіреді (Қаз. тілі термин. Информатика.).
ә) Мәзірдің орындалатын кез келген жолы (мүмкіндігі).
б) Команданың қосымша орындай алатын әрекетін белгілейтін қосқыш (қанатбелгі, жалауша).
в) Міндетті түрде орындалмайтын параметр, вариант.
г) Компьютердің ең төменгі деңгейдегі құрамына міндетті түрде кірмейтін құрылғы (Қаз. тілі термин. Информатика.).