Оптикалық индикатриса

lat: Optıkalyq ındıkatrısa

ф и з. Кристалдардан өтетін жарық толқындарының тербеліс бағыттары мен сыну көрсеткіштерін сипаттайтын векторлар бойынша жасалған бейне.

Оптикалық индикатриса минерал арқылы өтетін жарық толқындарының тербеліс бағыттары мен олардың сыну көрсеткіштерінің байланысын білдіреді (Қаз. тілі термин. Геология.). Оптикалық индикатриса түрлері минералдардың симметриясына байланысты (Қаз. тілі термин. Геология).