Оқу шеберханасы

lat: Oqý sheberhanasy

Жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды қарапайым құралдармен (егеу, балға, қашау т.б.) жұмыс істеуге не станокпен металды өңдеу жұмыстарын үйретуге жабдықталған бөлме.

Оқу шеберханаларында еңбек сабақтары, сыныптан тыс жұмыстар (техникалық үйірмелер, оқуға қажетті көрнекі құралдар жасайтын үйірмелер, шеберқолдар үйірмелері) өткізіледі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).