Оқиға

lat: Oqıǵa

(event) құрылымнан бөлек. Оқиға тек бір рет жалт етіп көрінеді де, жоғалып кетеді. Оның болуы тосын және қайталанбас төлтума. Ол тұрақты емес. Керісінше, құрылым өзінше жалғаса береді, қайталанады және тұрақты дамиды. Бұл түсінік постструктурализмнің бар болуы табиғатынан тұрақсыз және субъекті мен белгілі бір объектіні тану жөніндегі дәстүрлі философиялық түсінікке жанаспайды деген тұжырымның бір бөлігі. Олардың пікірінше, шындықтың өзі бірден танылатын бар болу құбылысы ретінде пайымдалуы мүмкін.