Оқ бойы

lat: Oq boıy

Тым таяу, оқ жетер мөлшеріндегі қашықтық.

Өзінен оқ бойы озық кеткен ұялас қос ақ қасқа да балаң, бір ғана қар басты (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Қасымбай Қодарды алдына салып, өзі әдейі оқ бойы жер артта, іркіле жүріп келе жатыр (М.Әуезов, Таңд. Шығ.).