lat: Oqasy joq
Түкте емес, ештеңе етпейді.
Оқасы жоқ, тотықса енді ашылар, Қаламымнан тағы сөзім шашылар. Сен, бөбегім, ержетерсің, өсерсің, Толқындар да толқып-толқып басылар (М.Жұмабаев, Шығ.). – Сөз таусылып қалды. Оқасы жоқ, бір жөні болар, – дедім де, мен шығып кеттім (С.Мұқанов, Есею жыл.). – Оқасы жоқ , мен қашан уақыт табылса, сонда істеп үйренгенмін (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар).