(sovereign exception) – Джорджо Агамбеннің ерекше жағдайлардағы – лагерьлер, түрмелер тәрізді оқшауланған аймақтардағы – қоғамнан аласталған босқындар, баспанасыздар, жазаға кесілгендер сияқты, егеменді аймақ өміріне қатысудан бас тартқандар үшін құқықпен байланысты заңды әрекеттер аясын қарастыратын, егеменді үкіметтер құрылымын сипаттау үшін қолданған термині. Мұндай аймақтағылардың ешқандай мәртебесі де, жалпы қоғам өміріне қатысы да жоқ. Олар мінез-құлық ережелеріне негізделетін әлеуметтік тәртіп енгізілгенге дейінгі тіршіліктің табиғи жағдайында өмір сүреді, былайша айтқанда, «лыпасыз өмірге» ( bare life ) түскен.