(парсы) мұсылманның үшінші парызы. Ораза ұстағанда мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ жеуден, сусын ішуден, жұбайымен жақындасудан бойын аулақ салады. Кез келген дені сау, балиғатқа жеткен мұсылман рамазан айында ораза ұстайды. Ораза адамды сабырлыққа, шыдамдылыққа үйретеді.