lat: Ordenge óńiri tolǵan [jarqyraǵan]
Кеудесінде ордені көп, жарқыраған, марапат, құрметтеу көрген.
Орденге толып өңірің, Өбектеп атамекенің, Келесің білмей өмірі Тымаудың тіпті не екенін, Бұл, достым, бақыт емес пе?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Соңынан тізілетін жауынгерлер, Отанның әр тұсынан келген ерлер, Жарқырап өңірінде ордендері, Бір кезде алып берген елге бедел (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).