Органикалық геохимия

lat: Organıkalyq geohımıa

х и м. Тау жыныстарындағы органикалық заттардың химиялық және изотоптық құрамын зерттейтін геохимияның бір саласы.

Органикалық геохимия организмдердің құрамын, көмілген органикалық зат пен оның табиғи дифференциациялануын, осы заттардың өзгеру химизмін (диагенез, катагенез, метагенез және метаморфизм факторларының ықпалы), органикалық заттың әрқилы түрлерінің гипергендік өзгеру процестерін зерттеумен айналысады (Қаз. тілі термин. Геология.).

Органикалық геохимияның маңызды бөлімі жер қыртысында органикалық заттардың миграциясы мен химиялық элементтердің концентрациясы және кенді алқаптардың (уран, алтын, сынып, мыс, ванадий, германий т.б.) түзілулерін зерттейді (ҚҰЭ).