Организм

lat: Organızm

сыртқы орта əсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттеп, жетілдіріп отыратын тірі материяның біртұтас бөлшегі, жанды дене, тіршілік иесі. Қоршаған ортамен əртүрлі зат жəне энергиямен алмасып отыратын ашық биологиялық жүйе. Көп жағдайда «организм», «дарақ», «индивид» жəне «индивидуум» деген атауларды синоним ретінде қолданады, бұл биологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Мағынасы жағынан организм тіршілік иесі, оның өкілі.