Жиын молая, көбейе берсін деген ізгі тілек. (Көбіне сырттан, шеттен келген кісі айтады. Бұл сөзге жауап ретінде отырған көптің ішінен біреу: «Сенімен (өзіңмен) бірге толсын!» - дейді). Үйге екі қазақ кіріп келді. - Орта толсын! - ДСД 1 ’ анда-санда ақкүміс аралаған қара бұйра сақалды, ала көз, орта бойлы адам. Көз қарасы кедей ауылдың сүзеген бұқасынан аумайды (С. Сейфуллин). - Орталарың толсын-ау, қадірмен жеңгейлерім. Өздерің бір ауқым болып жиналып, үлкен іске кіріскен жайларың бар-ау, шамасы, - деді, қалжыңын араластыра, Кенжебекпен бір келген Есім (А. Хангелдин).