Ортаю, азаю, кему

lat: Ortaıý, azaıý, kemý.

Бір нәрсенің саны азаю, көлемі кішірейіп, орта түсу, төмендеу. Жаңа заман адамының қолымен орнаған игілік мөл- шері ортайып көрген емес (С. Хайдаров). Мезгіл түн ортасына таянған сайын көшеде машина мен жүргіншілер азая бастады (Қ. Исабаев). Қант қызылшасының әрбір гектарынан соңғы жылдары небәрі 266 центнер ғана өнім алынады, ал оның қанттылық сапасы кеміп кеткені байқалады (М. Ерлепесов).Осалдық, әлсіздік, әлжуаздық, қауқарсыздық. Өзіне-өзі се- німді болмаушылық, бойдағы кемшілік, мін. Тағы да бір кемшілік мынау екен, Өзін ұқпай, өзгені сынау екен. Байқамай өз басының осалдығын, Менмен ғып бұл адамды бұзады екен (М. Әшірбеков). Мен қорқатын бір-ақ нәрсе бар, достар, ол өзімнің бойымдағы әлсіздік (Қ. Мырзалиев). Болбырлық, әлжуаздык, ер жігітке де, қыздарға да үлкен мін (С. Бердіғұлов). Жылап отырып өзінің жалғыздығын, қауқарсыз- дығын шақты (Р. Тоқтаров).