Орта білім беру

lat: Orta bilim berý

пед. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей болып табылатын және жалпы, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтитын білім беру процесі.

Жұрттың бірінің қазақша оқуын қамтамасыз етпеген күнде де орта білім мен жоғары білім беруде барлық пәндерді қазақша оқытуға қажетті оқулықтар мен мамандар әзірлеуді жолға қоя алсақ, қазақша білім беру аясын толық көлемде кеңейтуге жағдай жасаған боп шығамыз (Ә.Кекілбаев, Үш белес).