Ортасына түсті

lat: Ortasyna tústi

Жолдастарының, достарының арасына қосылды, солардың еркінен шыға алмады .

Ортасына сауықшыл түсіп көптің,

Мастандым да, масайрап ісіп-кептім.

Мұң шаға келіп едім, «Ұш»! дедің сен,

Өзің ұш деп тұрған соң, ұшып кеттім (2,361).

«Достардың» ортасына түсіп қалдым...

(Шәміл-ау! Осы мені ұшықтар кім?)

Желдеріне желігіп пысықтардың,

Кеше мен махаббатқа ішіп бардым (2,166).