Осмостық су

lat: Osmostyq sý

жыныстар мен топырақтардағы минералдар бетімен байланысқан су. Осмостық су борпылдақ байланысқан, немесе әлсіз байланысқан (немесе осмостық түрде сіңірілген) және берік байланысқан болып бөлінеді. Борпылдақ байланысқан суды сіңіру кезінде жылу бөлінбейді; берік байланысқан суды сіңіру жылу бөлінумен (сулау жылуы) қатар жүреді.