Оттегінің жандануы

lat: Otteginiń jandanýy

қалыптастырылған оттегінің бір жəне екі электронды аралық өнімдері саналатын белсенді радикалдардың (супероксидті анион, гидрооксильді анион, синглетті оттегі, сутегінің асқын тотығы т.б.) түзілуі. Оттегінің төрт электронды қалыптастырылуы жағдайында су түзілген болар еді. Биологиялық жүйелерде оттегінің жандандырылған түрлері торшалардың қалыпты əрекеті барысында ферменттік жəне ферментсіз жолдармен түзіледі. Бұл процесс түрлі патология жағдайында күшейе түседі. Олардың қатынасуымен жүретін реакциялар айтарлықтай шапшаңдығымен сипатталады. Олар ұлпа құрамындағы липидтердің полиқанықпаған май қышқылдарының қосарланған байланыстарын ферментсіз жолмен үзіп, липидтердің асқын тотықты тотығуын тудырады.